Футбол: Еуропа лигасының 1/8 финалы қашан өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Жеребе Швейцарияның Ньон қаласында штаб-пәтерінде тартылды. Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойындар 18 ақпан күні ойналады. Қарымта кездесу 25 ақпанда өткізіледі. Ал ширек финал жеребесі 26 ақпанда тартылады.
Жеребе нәтижесі бойынша командалар төмендегіше жұп құрады.
«Вольфсберг» (Австрия) - «Тоттенхэм Хотспур» (Англия)
«Динамо» (Киев, Украина) - «Брюгге» (Бельгия)
«Реал Сосьедад» (Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия)
«Бенфика» (Португалия) - «Арсенал» (Англия)
«Црвена Звезда» (Сербия) - «Милан» (Италия)
«Антверпен» (Бельгия) - «Рейнджерс» (Шотландия)
«Славия» (Чехия) - «Лестер Сити» (Англия)
«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Вильярреал» (Испания)
«Брага» (Португалия) - «Рома» (Италия)
«Краснодар» (Ресей) - «Динамо» (Загреб, Хорватия)
«Янг Бойз» (Швейцария) - «Байер» (Германия)
«Мольде» (Норвегия) - «Хоффенхайм» (Германия)
«Гранада» (Испания) - «Наполи» (Италия)
«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) - «Шахтёр» (Украина)
«Лилль» (Франция) - «Аякс» (Нидерланды)
«Олимпиакос» (Греция) - ПСВ (Нидерланды).
Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды.