Футбол: Еуропа және Конференция лигалары ширек финалының жеребесі тартылды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Еуропа және Конференция лигаларының ширек финалының жеребесі тартылды.

Бүгін, 15 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА-ның Еуропа лигасы 1/4 финалының жеребесі тартылды.
Ширек финалдағы командалар жұбы төмендегіше:
«Милан» (Италия) - «Рома» (Италия);
«Ливерпуль» (Англия) - «Аталанта» (Италия);
«Байер» (Германия) - «Вест Хэм Юнайтед» (Англия);
«Бенфика» (Португалия) - «Марсель» (Франция).
Ширек финалдың алғашқы ойындары 11 сәуірде өткізілсе, қарымта кездесу 18 сәуірге белгіленген.
Финал 22 мамырда Ирландияның Дублин қаласындағы «Авива» стадионында болады.
Сондай-ақ, Конференция лигасы ширек финалының жеребесі белгілі болды.
Ширек финалдағы командалар жұбы төмендегіше:
«Брюгге» (Бельгия) - ПАОК (Грекия)
«Олимпиакос» (Грекия) - «Фенербахче» (Турция)
«Астон Вилла» (Англия) - «Лилль» (Франция)
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Фиорентина» (Италия)
Ширек финалдың алғашқы ойындары 11 сәуірде өткізілсе, қарымта кездесу 18 сәуірге белгіленген.
Финал 29 мамырда Грекияның Афина қаласындағы «Айя-София» стадионында болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын емпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды.