Футбол: Фанаттардың жүгенсіз қылықтары үшін Сербияға ₣160 мың айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Халықаралық футбол федерациясы  (ФИФА) 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында екі матчтағы жанкүйерлердің  жүгенсіз қылықтары үшін Сербияның Футбол одағына ₣160 көлемінде айыппұл салды. 
None
None

Бұл туралы ФИФА баспасөз қызметі хабарлады.

6 қазанда сербтер сырт алаңда Австия командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал 9 қазанда өз алаңында Грузия құрамасынан  басым түскен болатын (1:0). Бұл жеңіс сербтерге D тобында бірінші орынды еншілеп, әлем чемпионатының финалдық бөлігіне шығуына мүмкіндік туғызды.

Дегенмен Сербия Футбол одағы  осы ойындарда жанкүйерлердің пиротехникалық  құралдарды, сондай-ақ саяси және кемсітушілік баннерлерді пайдаланғаны үшін айыпталды. Бұдан басқа ФИФА серб тарапына ескерту де жасады.

Сондай-ақ стадионда фанаттардың жүгенсіз қылықтары үшін Аргентина федерациясы (₣40 мың), Босния және Герцеговина (₣40), Эстония (₣30), Грекия (₣30), Украина (₣39)  жазаланды.

 

Соңғы жаңалықтар