09:07, 07 Маусым 2016 | GMT +5
ФУТБОЛ: Хамес Родригес Америка Кубогында симуляция жасаймын деп жарақаттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияның футбол құрамасының капитаны Хамес Родригес иығынан жарақат алғандықтан, Парагвай командасына қарсы Кубоктың топтық кезеңінің екінші турына қатыса алмайтын болды, деп хабарлады Колумбия футбол федерациясының (FCF) баспасөз қызметі.

А тобының аясында Колумбия - Парагвай кездесуі 7 маусымда америкалық Пасаденде өтеді.
Бірінші турдан кейін колумбиялықтардың активінде үш ұпай, ал парагвайлықтарда Косто-Рика құрамасымен тең ойнаған бір ұпайы бар.
Родригес Санта-Кларада 3 маусымда өткен АҚШ командасына қарсы ойында (2:0) жараланып қалды. Ол ойында бастапқы құрамда шығып, бірінші таймда пенальти соқты. 73-ші минутта алаңнан кетті. БАҚ атап өткендей, Хамес симуляция жасап, иығын жарақаттап алған.
Оңтүстік америкалық футбол конфедерациясының 100-жылдығына арналған Америка-2016 Кубогының матчы АҚШ-та 3-26 маусым аралығында өтеді.