Футбол: Иран құрамасының бас бапкері қызметінен кететін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран құрамасының бас бапкері Карлуш Кейруш қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирандық футболшылар В тобында сынға түсті. Топтық кезеңде Англиядан 2:6, АҚШ-тан 0:1 есебімен жеңіліп, Уэльстен 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша өз тобында үшінші орынды қанағат тұтқан ирандық футболшылар плей-офф сатысынан тыс қалды.

69-жастағы бапкер 2022 жылы 4 сәуірде аталған құраманың тізгінін ұстаған еді. Ол бапкерлік қызметте 1981 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазірге дейін Португалия, АҚШ, Жапония, Англияның, Испания клубтарында бас бапкер болды.

Сондай-ақ, Португалия, Біріккен Араб әмірлігі, Оңтүстік Африка, Иран, Колумбия, Египет құрамаларыгың тізгінін ұстады.

Еске салсақ, Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубына ауысуы мүмкін.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы футболдан әлем чемпионатында алғаш рет әйел төреші қызмет атқарады.

Фото: twitter.com/sport_ru_portal


Соңғы жаңалықтар