Футбол: Қарағандының «Шахтёр» командасына бас бапкер тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Игорь Солошенко футболдан Қарағандының «Шахтёр» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

И. Солошенко 1979 жылы 22 мамырда Қарағаны қаласында дүниеге келген. Жергілікті футбол мектебінің түлегі. Футболшы ретінде «Шахтёр», «Жеңіс», «Аят», «Тобыл», «Ақжайық», «Ертіс» және «Оқжетпес» командалары сапында ойын көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 11 кездесуге қатысты.

«Шахтёр» командасымен 2012 жылы Қазақстан чемпионы атанып, 2007, 2009 жылдарда қола жүлдегер болды. Сондай-ақ, «Жеңіс» құрамында Қазақстан Кубогын жеңіп алса, «Тобыл» сапында чемпионаттың күміс жүлдесін иеленген.

Ойыншы мансабын аяқтаған соң Игорь «Шахтёр» футбол орталығында бапкер ретінде қызмет атқарды. Негізгі команданың физикалық дайындығына жауапты маман, спорт директоры болды.

Соңғы үш маусымда «Шахтёр-Болат» командасының бас бапкері болып еңбек етті.

Бұған дейін «Шахтёрдің» бас бапкері қызметін Вахид масудов атқарған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.


Фото: shakhter.kz


Соңғы жаңалықтар
telegram