Футбол: «Қайрат» халықаралық турнирде «Ростовпен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол командасы РПЛ Қысқы кубогындағы екінші кездесуін Ресейдің «Ростов» командасына қарсы өткізеді.
Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир 14 ақпанға дейін жалғасады.
Екі команда арасындағы кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады. Алғашқы ойында алматылық клуб БАӘ-нің «Шабаб Аль-Ахли» командасына 0:2 есебімен жол берген болатын.
Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі. Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.
Сондай-ақ футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогына» қатысады. Халықаралық турнирде 8 құрама бақ сынайды. Жарыс 18-24 ақпан аралығында Беларусь астанасы Минскі қаласында өтеді.