Футбол: «Қайрат» «Оқжетпестен» басым түсті

Турнир кестесінде алматалық клуб алғашқы бестікте келеді. Ал көкшетаулық команда ала-құла ойынымен көзге түсіп жүр. Сондықтан жанкүйерлер «Қайрат» жеңіске жетеді деп болжаған еді.
Десе де көшетаулық клуб алматылық ұжымға лайықты қарсылық көрсетті. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды «Қайрат» футболшысы Ян Труфанов 45-минутта өзінің еншісіне жазды.
Дәл қазір 19:00-де «Мақтарал» (Түркістан) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақтөбе» кездесуі басталды.
Ал сағат 20:00-де «Атырау» мен «Ордабасы» (Шымкент) кездеседі.
16 шілдеде 20:00-де «Каспий» (Ақтау) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.
Бұл турдағы «Аксу» (Павлодар облысы) мен «Астана» кездесуі 24 мамырда өткізіліп, елордалық команда 1:0 есебімен басым түсті.
Енді 27 қыркүйекте «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.