ФУТБОЛ: «Қайрат» тұңғыш рет Суперкубок игері атанды! (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арена» стадионында Қазақстан футболының жаңа маусымы басталуына орай өтіп жатқан Суперкубок матчында «Қайрат» пенальти кезеңінде «Астананы» сан соқтырды.
None
None

Ойынныңың негізгі уақытында «Астана» мен алматылық «Қайрат» арасында есеп ашылған жоқ.

Осыған орай, бас төреші экстра-тайм жариялады, алайда қос команда экстра-таймда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады.

Ал пенальти кезеңінде 5:4 есебімен «Қайрат» алға шықты.

Ойынға өзбекстандық қазы Равшан Ирматов төрелік етті.

Айта кетерлігі, бұл осы маусымдағы алғашқы матч. «Қайрат» өз тарихында ел Кубогын 7 мәрте жеңіп, Суперкубок финалына осымен екінші рет шыққан болатын.

Былтыр «Астана Аренада» Суперкубокқа таласқа «Астана» мен «Қайрат» шығып, пенальти сериясы бойынша елордалықтар жеңіске жеткен болатын.

Пенальти:

(«Астана»). Каньяс - 1:0,

(«Қайрат»). Исламхан - 1:1,

(«Астана»). Аничич - 2:1,

(«Қайрат»). Бруно Соарес - 2:2,

(«Астана»). Щеткин (қақпашы қайтарды) - 2:2,

(«Қайрат»). Риера - 2:3,

(«Астана»). Максимович (мүлт кетті) - 2:3,

(«Қайрат»). Ли (қақпашы қайтарды) - 2:3,

(«Астана»). Твумаси - 3:3,

(«Қайрат»). Гоу (қақпашы қайтарды) - 3:3,

(«Астана»). Бейсебеков - 4:3,

(«Қайрат»). Тимощук - 4:4,

(«Астана»). Мужиков (қақпашы қайтарды) - 4:4,

(«Қайрат»). Тесак - 4:5
null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар