Футбол: Қазақстан клубтары еурокубок ойындарына қатысуға сертификат алды
Естеріңізге сала кетелік, биыл Алматының «Қайраты» UEFA Чемпиондар лигасында сынға түседі. Ал «Тобыл» (Қостанай), «Астана» (Нұр-Сұлтан) және «Шахтер» (Қарағанды) клубтары UEFA Конференция лигасында жасыл алаңға шығады.
«Қайрат» аталған турнирде екінші мәрте бақ сынауға мүмкіндік алды. Алғаш рет алматылықтар 2005 жылы ел намысын қорғаған еді. Дегенмен бірінші іріктеу кезеңінде екі ойынның нәтижесімен Словакияның «Артмедиа» клубынан (2:0, 1:4) жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Одан кейінгі жылдарда тоғыз мәрте Еуропа лигасында бақ сынады.
Ал Конференция лигасы биылдан бастап тұңғыш мәрте ойналады. Онда UEFA рейтингінде төменгі орындарда жүрген елдердің командалары шеберлік байқасады.
Айта кетерлігі, қыздар арасында еурокубок ойындарына Шымкенттің «БИИК-Қазығұрт», Көкшетаудың «Оқжетпес» клубтары қатысады.