Футбол: Қазақстан кубогының финалы өтетін стадион анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогының финалы Нұр-сұлтан қаласындағы «Астана-арена» стадионында 6 қазанда өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Естеріңізге сала кетелік, финалда Қызылорданың «Қайсар» және Атыраудың «Атырау» командалары кездеседі. Жартылай финалда «Қайсар» Қостанайдың «Тобылын» орта жолда қалдырса, «Атырау» Шымкенттің «Ордабасы» клубын тізе бүктірді.

Қазақстан кубогы финалына қатысатын «Қайсар мен «Тобыл», «Шахтер» мен «Атырау» командалары арасындағы ойындар 5 қазаннан 30 қазанға ауыстырылды.

«Қайсар» командасы 1999 жылы кубокқа ие болып, ол жолы Өскеменнің «Востогынан» 2:1 есебімен басым түсті. 1998 жылы финалға дейін жетсе, 2007 жылы жартылай финалда бақ сынады. Ал «Атырау» 2009 жылы кубок иегері атанды. Сол жолы Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңген болатын. Соңғы екі жылда финалға дейін жетті. Сондай-ақ, 2001, 2004 және 2005 жылдарда жартылай финалға шыға алды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Алматының «Қайраты» 9 мәрте Қазақстан кубогы иегері атанды.

Одан кейінгі орындарда «Астана-1964» (бұрынғы «Жеңіс») пен «Астана» командаларында үш-үштен кубок бар. Ал «Ертіс», «Тараз», «Восток», «Тобыл», «Ақтөбе», «Шахтер», «Атырау», «Қайсар», «Алма-Ата», «Ордабасы», «Достық», «Спартак» (Семей), СКИФ-«Ордабасы» және «Қызылжар» командалары бір-бір мәрте жеңімпаз болды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум