Футбол: Қазақстан мен Черногория құрамаларының кездесуі 11 қарашаға белгіленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан мен Черногория құрамалары жолдастық кездесу өткізу жөнінде ресми түрде келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы және Черногория футбол одағының бас хатшылары Бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Момир Джурджевац ойынды өткізу туралы келісімге қол қойды.

Аталған матч 11 қарашаға белгіленген. Кездесу Черногоря астанасы - Подгорице қаласында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы қыркүйек-қараша айларында Ұлттар лигасы ойындарына қатысып, С лигасының төртінші тобында Албания, Беларусь және Литвамен шеберлік байқасады. Ал Черногория аталған лиганың бірінші тобында Кипр, Люксембург және Әзербайжанмен ойнайды.

Бұған дейін екі құрама үш мәрте кездесті. Барлығында Черногория жеңіске жетті.

Черногория құрамасы 2007 жылдан бері әлемдік футболдағы түрлі жарыстарға қатысып келеді. Әзірге әлем және Еуропа чемпионаттары финалдық кезеңіне шыға алған жоқ. FIFA жариялаған соңғы рейтингте олар 64-орында тұрса, Қазақстан құрамасы 118-орында.


Соңғы жаңалықтар