Футбол: Қазақстан және Беларусь кездесуінде негізгі құрамда кімдер алаңға шығады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан және Беларусь құрамаларының жолдастық кездесуінде негізгі құрамда жасыл алаңға шығатын футболшылар белгілі болды.

Ойын Борисов қаласындағы «Борисов-арена» стадионында қазақстандық уақытпен 22.30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алған жарақатына және денсаулығына, отбасы жағдайына байланысты Серікжан Мужиков, Әлібек Қасым, Бактиер Зайнутдинов, Айбар Жақсылықов, Роман Асранқұлов ұлттық құрамаға бүгін көмектесе алмайды.
Бас бапкер Али Алиев алғашқы минуттан Стас Покатилов, Еркін Тапалов, Марат Быстров, Сергей Малый, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Исламбек Қуат, Асхат Тағыберген, Александр Зуев, Ислам Чесноков, Максим Самородовқа сенім білдірді.
Ал қосалқы құрамда Александр Заруцкий, Бекхан Шайзада, Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Алмас Төлебай, Наурызбек Жагоров, Дәурен Жұмат, Георгий Жуков, Муроджон Халматов, Ғалымжан Кенжебек, Алияр Мухамед бар.
Алғашқы минуттан Беларусь құрамасында Павел Павлюченко, Дмитрий Прищепа, Павел Забелин, Александр Мартынович, Сергей Карпович, Макс Эбонг, Валерий Бочаров, Никита Корзун, Валерий Громыко, Евгений Шикавка, Трофим Мельниченко жасыл алаңға шығады.
Қосалқы құрамға Сергей Игнатович, Федор Лапоухов, Кирилл Печенин, Егор Пархоменко, Сергей Политевич, Вадим Пигас, Павел Апетенок, Максим Киреев, Евгений Яблонский, Руслан Лисакович, Павел Седько, Олег Никифоренко, Виталий Лисакович енгізілген.
Айта кетсек, Беларусь – Қазақстан жолдастық матчының басталуы 22:30-ға шегерілді.
Бастапқыда Беларусь пен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтың басталуы Астана уақытымен 22:00-ге (жергілікті уақыт бойынша 20:00) жоспарланған болатын.
Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бас төреші ойынның басталу уақытын 30 минутқа кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.