Футбол: Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Бельгиямен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Бельгиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Футбол: Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Бельгиямен кездеседі

Айта кетсек, бұл ойын 4 маусымда өз алаңында болады. Одан кейін 8 маусымда Түркияны қабылдайды. Өз алаңында 7 қыркүйекте Даниямен шеберлік байқасады.

Одан кейінгі екі ойынды 8 қазанда Бельгияға, 12 қарашада Шотландияға қарсы өткізеді. Ал 2022 жылдың 29 наурызында өз алаңында Шотландиямен қарымта ойын өткізсе, 4, 10 маусым күндері Дания мен Түркиямен жасыл алаңға шығады.

Қазақстан жастары I топта сынға түседі. Бас бапкері - қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов.

Доп додасының іріктеу кезеңі 2021 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың маусымына дейін өтеді.