12:23, 03 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Футбол: Конфедерация кубогы Бразилияда өтетін болды
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше футболдан Конфедерация Конференция кубогының жеребесі тартылды. Бұл сын 2013 жылы маусымда Бразилияда өтеді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.

Жеребе қорытындысы бойынша Бразилия, Италия, Мексика, Жапония А тобына түсті. Ал Испания, Уругвай, Таита және 2013 жылғы Африка үздігі атанатын құрама В тобында.
Ашылу матчы 15 маусым күні Бразилия мен Жапония арасында болады. Ал 30 маусым күні «Мараканада» финал өтеді.
Конфедерация кубогы – әр құрлықтың чемпиондары қатысатын жарыс. Еуропа чемпионатының жеңімпазымен бірге, бұл жарысқа финалисі де қатысады.