Футбол королі Пеле Бразилия шабуылшысы Неймарға қолдау білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футбол королі Пеле Бразилия шабуылшысы Неймарға қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Бразилия Хорватиядан ұтылып қалғаннан кейін 30 жастағы Неймар өзінің футболдан кетуіне дайын екенін айтқан еді.

Сол матчта Неймар Пеленің жетістігін қайталап, ұлттық құрама сапында 77-інші голын соқты.

«Мен құрама есігін жаппаймын, сонымен қатар қайта ораламын деп 100 пайыз кепілдік бере алмаймын», пенальти сериясында ұтылғаннан кейін көз жасын жасыра алмаған Неймар.

82 жастағы Пеле Инстаграмдағы парақшасында Бразилия жұлдызының ойнай беретініне сенім білдірді.

Пеле өз рекордын осыдан елу жылдай уақыт бұрын орнатқанын, оны жаңартуға бұған дейін ешкімнің қолы жетпегенін мәлімдеді. Осы жоғары көрсеткішті қайталаған Неймарға өз елінің намысын қорғаудан артық қуаныш жоқ екендігін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Англияны жеңген Францияның 1/2 финалға шыққан соңғы команда болғанын жазған едік.

Сондай-ақ Франция ойыншысы өз елінің тарихында үздік пас беруші атанды.


Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»

Соңғы жаңалықтар