Футбол: «Манчестер Юнайтед» 6 жылдан кейін алғашқы титулына қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы Лига кубогына қол жеткізді. Бұл - жаңа бапкері Эрик тен Хаг жетекшілігімен қол жеткізген алғашқы табысы. Команда бұған дейін 5 жыл 278 күн бойы ешқандай титулға қол жеткізе алмай келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: EDDIE KEOGH/GETTY IMAGES

Манчестерлік клуб Англия лигасының кубогының шешуші ойынында «Ньюксал» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Соңғы мәрте «қызыл айдаһарлар» 2017 жылдың мамырында жоғары табысқа қол жеткізді. Сол жолы Жозе Моуриньомен бірге Еуропа лигасы жеңімпазы атанды.

«Манчестер Юнайтед» клубында қазір бапкер қызметін атқаратын нидерландтық Эрик Тен Хаг осылайша жаңа командасымен алғаш рет жоғары биіктікті бағындырды. Ол жаңа маусым алдында команда тізгінін ұстаған болатын.

Нәтижесінде нидерландтық бапкер қазірге дейін 7 титулға қол жеткізді. Оның 6-да өз елінің «Аякс» клубымен бірге зор табысқа кенелді.

«Манчестер Юнайтед» қазір Еуропа лигасында сынға түсіп келеді. Олар 23 ақпанда аталған турнирдің плей-офф кезеңінде маңызды ойын өткізіп, испаниялық «Барселона» командасын орта жолда қалдырып кетті.

Еске салсақ, Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасының алдағы екі ойыны қашан өтетіні белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар