Футбол: Мессидің Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атануға соңғы мүмкіндігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Небәрі үш күннен кейін Катар мемлекетінде басталатын футболдан әлем чемпионатын жанкүйерлер асыға күтіп отыр. Аталған доп додасында бақ сынайтын құрамалар оған дайындығын жүргізуде. Әрбірі жоғары деңгейде ойын көрсетуді алдына мақсат етіп отыр. Олардың қатарында С тобындағы құрамалар бар. ҚазАқпарат тілшісі аталған топтың доп додасындағы мүмкіндіктері жөнінде таразылап көрген еді.
None

С тобы:Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша

Аргентина

Әлем чемпионатында Аргентина бас жүлдеден негізгі үміткер құрамалар қатарында саналады. Мамандар оның екі себебі бар екенін айтады. Алғашқысы - Лионель Месси. Ол Францияның ПСЖ клубы сапында жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп жүр. Доп додасының дүлділі биылғы әлем біріншілігінде кубокты төбесіне көтеруді қалайтынын ашық айтып келеді. Бүгінде 35 жастан асқан Месси үшін биылғы айтулы аламан соңғы Мундиаль болуы мүмкін. Сондықтан ол өз құрамасын жеңіске бастауға бар күшін салатыны анық.

Екінші себеп - бас бапкер Лионель Скалонидің жеңіліссіз сәттілік сериясы. Ұлттық құрама тізгінін ұстаған оның шәкірттері 35 ойыннан бері ешкімге жеңілген жоқ. Соңғы мәрте Аргентина 2019 жылдың маусым айында қарсыласына есе жіберіп қойған еді. Содан бері Оңтүстік Америка кубогын иеленіп үлгерді. Ендігі мақсат - әлем чемпионаты.

Бас бапкер – Лионель Скалони

Қақпашылар: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла», Англия), Херонимо Рульи («Вильярреал», Испания), Франко Армани («Ривер Плейт»).

Қорғаушылар: Науэль Молина («Атлетико», Испания), Гонсало Монтьель («Севилья», Испания), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм», Англия), Херман Пеccелья («Бетис», Испания), Николас Отаменди («Бенфика», Португалия), Лисандро Мартинес («Манчестер Юнайтед», Англия), Маркос Акунья («Севилья», Испания), Николас Тальяфико («Лион», Франция), Хуан Фойт («Вильярреал», Испания).

Жартылай қорғаушылар: Родриго де Пауль («Атлетико», Испания), Леандро Паредес («Ювентус», Италия), Алексис Мак Аллистер («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Гидо Родригес («Бетис», Испания), Папу Гомес («Севилья», Испания), Энцо Фернандес («Бенфика», Португалия), Эксекиэль Паласиос («Байер», Германия).

Шабуылшылар: Лионель Месси (ПСЖ, Франция), Анхель Ди Мария («Ювентус», Италия), Лаутаро Мартинес («Интер», Италия), Хулиан Альварес («Манчестер Сити», Англия), Николас Гонсалес («Фиорентина», Италия), Хоакин Корреа («Интер», Италия), Пауло Дибала («Рома», Италия).

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясы 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында орта деңгейде ойын көрсетті. Алаң иелері - Ресейге 0:5 есебімен жол берді. Ал Уругвайға 0:1 есебімен жеңіліп, Египеттен 2:1 есебімен басым түсті.

Дегенмен мамандар бас бапкер Эрве Ренар жетекшілік жасайтын құрама өз деңгейінде емес дегенді көлденең тартады. Соңғы сегіз ойынның небәрі екеуінде жеңіске жетті. Доп додасында топтағы қарсыласының барлығы олардан мықты. Құрама сапындағы футболшылардың барлығы - өз мансабын аяқтауға жақындап қалған жастағы жігіттер. Сондықтан мамандар оларды топтық кезеңде ұпай ала алмауы да мүмкін деген болжам айтады.

Бас бапкер – Эрве Ренар

Қақпашылар: Мұхаммед Әл-Овайс («Әл-Хилаль»), Мұхаммед Әл-Ями («Әл-Ахли Джидда»), Наваф Әл-Акиди («Әл-Наср Эр-Рияд»).

Қорғаушылар: Яссер Әл-Шахрани («Әл-Хилаль»), Мұхаммед Әл-Брейк («Әл-Хилаль»), Әли Әл-Булайхи («Әл-Хилаль»), Сауд Абдельхамид («Әл-Хилаль»), Султан Әл-Ганам («Әл-Наср Эр-Рияд»), Абдулела Әл-Амри («Әл-Наср Эр-Рияд»), Абдулла Маду («Әл-Наср Эр-Рияд»), Хассан Томбакти («Әл-Шабаб Эр-Рияд»).

Жартылай қорғаушылар: Салман Әл-Фарадж («Әл-Хилаль»), Салем Әл-Давсари («Әл-Хилаль»), Абдулла Отаиф («Әл-Хилаль»), Мұхаммед Канно («Әл-Хилаль»), Абдуллела Әл-Малки («Әл-Хилаль»), Нассер Әл-Досари («Әл-Хилаль»), Фахад Әл-Муваллад («Әл-Шабаб Эр-Рияд»), Хаттан Бахебри («Әл-Шабаб Эр-Рияд»), Сами Әл-Наджи («Әл-Наср Эр-Рияд»), Әли Әл-Хассан («Әл-Наср Эр-Рияд»), Абдуррахман Әл-Обод («Әл-Иттихад Джидда»), Рияд Шарахили («Абха»).

Шабуылшылар: Фирас Әл-Брейкан («Әл-Фатех»), Салех Әл-Шехри («Әл-Хилаль»), Хайтам Ассири («Әл-Ахли Джидда»).

Мексика

Мексика құрамасының көшбасшысы Хесус Корона тамыз айында ауыр жарақат алып қалды. Соған байланысты ол әлем чемпионатына қатыса алмайды. Десе де құрамада шабуыл шебінде одан өзге де тәжірибелі ойыншылар бар. Мәселен, Рауль Хименес пен Ирвинг Лосано жасыл алаң төрінде жарқылдап көзге түсіп жүр. Бас бапкер Херардо Мартино негізінен Гильермо Очоа сынды тәжірибелі қақпашыға үлкен үміт артады.

Кейінгі жеті әлем чемпионатында Мексика тұрақты түрде 1/8 финалға шықты. Алайда, одан жоғары нәтижеге қол жеткізе алмай келеді. Биыл да сол үрдістен жаңылмай ма? Ол үшін алдымен топтық кезеңнен іркілмей өтуі тиіс.

Бас бапкер – Херардо Мартино

Қақпашылар: Гильермо Очоа («Америка»), Альфредо Талавера («Хуарес»), Родольфо Кота («Леон»).

Қорғаушылар: Хорхе Санчес Рамос («Аякс», Нидерланды), Эдсон Альварес («Аякс», Нидерланды), Кевин Альварес Кампос («Пачука»), Нестор Араухо («Америка»), Карлос Родригес Гомес («Крус Асуль»), Хоан Васкес («Кремонезе», Италия), Эктор Морено («Монтеррей»), Сесар Монтес («Монтеррей»), Хесус Гальярдо («Монтеррей»), Херардо Артеага («Генк», Бельгия).

Жартылай қорғаушылар: Орбелин Пинеда (АЕК, Грекия), Карлос Антуна («Крус Асуль»), Роберто Альварадо («Гвадалахара»), Алексис Вега («Гвадалахара»), Эктор Эррера («Хьюстон Динамо», АҚШ), Эрик Гутьеррес (ПСВ, Нидерланды), Луис Чавес («Пачука»), Луис Ромо («Монтеррей»), Андрес Гуардадо («Бетис», Испания).

Шабуылшылар: Генри Мартин («Америка»), Ирвинг Лосано («Наполи», Италия), Рауль Хименес («Вулверхэмптон», Англия), Рохелио Фунес Мори («Монтеррей»).

Польша

Аталған топтағы Польша құрамасы әлем чемпионатына жолдамаға соңғы сәтте қол жеткізді. Доп додасына іріктеу сатысындағы өтпелі ойында Швецияны артқа қалдырған олар енді қандай деңгейде шеберлігін көрсете алады?

Құрама сапында 34 жастағы Роберт Левандовски бар. Бүгінде Испанияның «Барселона» командасын өрге сүйреп жүрген ол сол шеберлігін Қатар жерінде қаншалықты паш ете алады? Ол өзін жақсы қырынан танытуға күш салуы тиіс. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатына бара алмауы әбден мүмкін. Сондықтан аталған шабуылшы өз құрамасының кем дегенде топтық кезеңнен өтуіне барын салады.

Бас бапкер – Чеслав Михневич

Қақпашылар: Бартломей Дронговский («Специя», Италия), Войцех Щенсный («Ювентус», Италия), Лукаш Скорупский («Болонья», Италия).

Қорғаушылар: Ян Беднарек («Астон Вилла», Англия), Мэтти Кэш («Астон Вилла», Англия), Бартош Берешиньский («Сампдория», Италия), Камиль Глик («Беневенто», Италия), Роберт Гумный («Аугсбург», Германия), Артур Енджейчик («Легия»), Якуб Кивер («Специя», Италия), Матеуш Ветеска («Клермон», Франция), Никола Залевский («Рома», Италия).

Жартылай қорғаушылар: Крыстян Белик («Бирмингем», Англия), Пшемыслав Франковский («Ланс», Франция), Камиль Гросицкий («Погонь»), Якуб Каминьский («Вольфсбург», Германия), Гжегож Крыховяк («Әл-Шабаб», Сауд Арабиясы), Михал Скурась («Лех»), Дамян Шиманьский (АЕК, Грекия), Себастьян Шиманьский («Фейеноорд», Нидерланды), Петр Зелиньский («Наполи», Италия), Шимон Журковский («Фиорентина», Италия).

Шабуылшылар: Роберт Левандовски («Барселона», Испания), Аркадиуш Милик («Ювентус», Италия), Кшиштоф Пентек («Салернитана», Италия), Кароль Свидерский («Шарлотт», АҚШ).

С тобындағы ойындар кестесі:

22 қараша

Аргентина - Сауд Аравиясы

Мексика - Польша

26 қараша

Польша - Сауд Арабиясы

Аргентина - Мексика

30 қараша

Польша - Аргентина

Сауд Арабиясы - Мексика

Еске салсақ, бұдан бұрын А тобындағы құрамалар жөнінде жазылған еді.

Сондай-ақ, В тобындағы құрамалар жөнінде хабарланған болатын.

Ал D тобындағы құрамалармын мына жерден таныса аласыздар.


Фото: ChinaImages


Соңғы жаңалықтар