Футбол: Нұрәли Әліп «Зенит» сапында алғашқы ойынын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы Нұрәли Әліп «Зенит» командасы сапында Ресей біріншілігінде тұсаукесер ойынын өткізді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, Нұрәли Әліп биыл Ресейдің «Зенит» командасына ауысқан болатын.
Ресейлік клуб бүгін өз алаңында Башқұрстанның «Уфа» командасын қабылдады. Қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық футболшы 78-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Венделді алмастырды.
Бұдан бұрын ол Ресей кубогы 1/8 финалында «КаМАЗ» командасына қарсы ойында жасыл алаңға шыққан еді.
Нұрәлі Пактұлы Әліп 1999 жылдың 22 желтоқсанында Ақтау қаласында дүниеге келген. Бұған дейін футболшы мансабында Алматының «Қайрат» командасында өткізді.
Нұрәли Әліп биылғы жылдың қаңтарында «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақырту алды.
Atlantic Cup кубогында Данияның «Мидтьюлланд» және «Брондбю» командалары қақпасына екі гол соқты. Ол өзінің жаңа клубында 28 нөмірлі жейдеде ойын көрсетеді.