Футбол: «Оқжетпес» сегіз ойын бойы жеңіске жете алмай келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турында қызылордалық «Қайсар» Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Екі команда елордадағы «Астана-арена» стадионында кездесті. Көкшетаудағы стадионның дайын болмауына байланысты «Оқжетпес» өз алаңындағы ойындарын елордада өткізуге мәжбүр.

Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасына гол соғуға тырысты. Десе де бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Ойынның 56-минутында «Қайсар» сапынан Әділет Кеңесбек қарсыластар қақпасын дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, «Қайсар» көкшетаулық команданы 1:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде турнир кестесінде 19 ұпаймен жағдайын жақсартып алды.

Есесіне сегіз ойын бойына жеңіске жете алмай келе жатқан «Оқжетпес» турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып қойды.

Айта кетсек, дәл қазір «Ақтөбе» мен «Мақтарал» кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Сондай-ақ, «Астана» «Каспийді» 3:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» «Қызылжарды» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал одан кейін «Атырау» «Тобылды» 3:0, «Жетісу» «Шахтерді», «Ордабасы» «Ақсуды» 1:0 есебімен қапы қалдырды.


Соңғы жаңалықтар