19:52, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Футбол: Оралдың «Ақжайығы» кәсіби футбол лигасы кубогының жеңімпазы атанды
ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Оралдың «Ақжайығы» мен қарағандылық «Шахтердің» қосалқы құрамдары кәсіби футбол лигасының кубогын сарап салды.

Бірінші таймда оралдықтардан Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс добын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьер-лига ойындарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді.
Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр.