Футбол: «Ордабасы» еурокубок ойындарынан шеттетілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ордабасы» (Шымкент) командасы футболдан алдағы екі жылда еурокубок ойындарынан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат UEFA ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім команданың қаржылық fair play (FFP) талаптарын сақтамау салдарынан туындап отыр. Аталмыш шектеу 2020/21 және 2021/22 жылдардағы кезеңдерге қатысты.

2021 жылдың 31 қаңтарына дейін клуб өзінің мерзімі өткен кредиторлық берешегі жоқ екенін дәлелдеген жағдайда қатаң талап алынып тасталады.

Айта кетсек, UEFA тарапынан командаға 2019 жылдың 30 қыркүйегінде айыппұл салынған еді.

Биыл ел біріншілігінде «Ордабасы» үшінші орын алды. Ол командаға алдағы жылы Еуропа лигасы іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік туғызды.

UEFA дәл осындай жағдайға байланысты Словенияның «Олимпия» (Любляна) және Сербияның «Црвену Звезду» (Белград) командаларына айыппұл салынды.

Алдағы жылы Қазақстан атынан Еуропа чемпиондар лигасына елордалық «Астана» командасы қатысса, Еуропа лигасында Алматының «Қайрат», Қызылорданың «Қайсар» командалары ел намысын қорғайтыны белгілі. Енді «Ордабасыны» қай команда алмастыратыны анықталады.

Шымкенттік клуб 2018 жылы дәл осындай жағдайға кезіккен еді. Сол жылы шымкенттік клуб орнына еурокубокқа Қостанайдың «Тобылы» қатысты.

Соңғы жаңалықтар