Футбол: «Ордабасы» Еуропа лигасына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келер жылы футболдан Еуропа лигасында  Шымкенттің «Ордабасы» командасы да сынға түсетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Қазақстан кубогы финалында Алматының «Қайраты» «Атырауды» жеңді. Осының нәтижесінде «Ордабасы» еурокубок ойындарында біздің еліміздің атынан қатысатын төртінші команда болды.

Жарыс ережесіне сәйкес «Атырау» жеңіске жеткен жағдайда олар келер жылы Еуропа лигасы іріктеу кезеңінде бақ сынайтын еді. Дегенмен олар финалда «Қайрат» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Биыл ел біріншілігінде «Ордабасы» төртінші орын алған еді.

Сондай-ақ, келер жылы биылғы ел чемпионы - «Астана» Чемпиондар лигасында сынға түссе, екінші және үшінші орын алған Алматының «Қайраты» мен Қостанайдың «Тобылы» Еуропа лигасы іріктеу кезеңіне қатысады.

Соңғы төрт жылдан бері  «Астана» Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы топтық кезеңдерінде ел намысын қорғап келеді. 

Біз бұдан бұрын Қазақстан кубогы финалында Алматының «Қайраты» «Атырауды» жеңгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар