Футбол: «Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күнгі негізгі кездесу Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасында өтті.

Ақтөбелік клуб үшін жеңіс қажет болатын. Ол чемпиондыққа мүмкіндігін арттыра түсетін еді.

Ойын барысында ақтөбелік Жерар Гоу 16 және 40-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде шымкенттік клубтан Дмитрий Бородин 51 және 61-минуттарда пенальтиден екі гол енгізді.

Осылайша кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Сондай-ақ бүгін «Каспий» (Ақтау) мен «Ақжайық» (Орал) 0:0 есебіне қанағат білдірсе, «Тараз» өз алаңында «Тобыл» (Қостанайға) 0:2 есебімен жол берді.

Енді аталған турдағы қалған ойындар 30 қазан күні өткізіледі. Бұл күні «Қайрат» (Алматы) пен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Астана», «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тұран» (Түркістан) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» Премьер-лигаға жолдама алды.



Соңғы жаңалықтар