Футбол: «Qyzyljar» командасының бас бапкері қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лигада сынға түсетін Петропавлдың «Qyzyljar» командасының бас бапкері Вячеслав Руснак қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: «Qyzyljar» командасының бас бапкері қызметінен кетті

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Молдова елінің маманы петропавлдық клубтың тізгінін биыл ұстаған болатын. Оның басшылығымен команда 23 ұпаймен тоғызыншы орын алды.

Вячеслав Руснак өзінің футболшылық мансабында Молдованың «Олимпия», «Зимбру» және қазақстандық «Шахтер» командаларында доп тепті. 2011 жылдан бері бапкерлікке бет бұрды.

Бапкерлік қызметінде молдовалық көптеген клубтарда басшылық етті. Биылғы жылдың басында «Qyzyljar» командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұдан бұрын «Қайсар» клубына бас бапкер тағайындалғанын жазған едік.