Футбол: «Тобыл» «Оқжетпестен» басым түсті
Аталған турдың екінші ойын күнінде Қостанайдың «Тобылы» елордада көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездесті.
Кездесуде көшетаулық команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 7-минутында Максим Драченко «Тобыл» қақпасынан саңылау тапты. Оған 17-минутта қостанайлық клубтан Серікжан Мужиков бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңнің 72-минутында «Тобыл» шабуылшысы Серж Дебле өз командасын алға шығарды.
Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, 27 мамырда «Мақтарал» «Қайратты» 3:1 есебімен жеңіп кетті.
Сондай-ақ, «Каспий» мен «Шахтер» кездесуінде 1:1 есебімен тең түссе, «Ақсу» өз алаңында «Жетісуды» 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді бүгін, 28 мамырда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады.