Футбол: Ұлттық құрамалардың қаңтар айындағы рейтингі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың 2021 жылдың алғашқы айындағы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Ұлттық құрамалардың қаңтар айындағы рейтингі жарияланды

Қазақстан футболшылары 112-орынды сақтап қалды. Былтырғы жылды құрама дәл осы орында аяқтаған еді.

Рейтингте Бельгия көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Франция, Бразилия келеді. Келесі кезекте Англия, Португалия, Испания, Аргентина, Уругвай, Мексика және Италия құрамалары жайғасқан.

Естеріңізге сала кетелік, 24 наурызда 2022 әлем чемпионатының Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңі басталады. Қазақстан D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия құрамалары. Қазақстандық футболшылар алғашқы ойынын өз алаңында Франция құрамасына қарсы өткізеді.