Футбол: Владимир Никитенко «Елімай» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейлік «Елімай» командасының бас бапкері қызметіне Владимир Никитенко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футбол: Владимир Никитенко «Елімай» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Қазақстандық маман футболшылық мансабында Түркіменстанның «Строитель», қазақстандық «Қайрат» (Алматы), «Трактор» (Павлодар), «Химик» (Жамбыл), «Достық» (Алматы) клубтарында доп тепті.

1991 жылдан бері қазақстандық «Қайрат», «Елімай», «Қайсар» және өзге клубтарда еңбек етті.

«Елімай» 2015-2022 жылдар аралығында үлкен футболдан шет қалды. Биылғы жылдан бастап бірінші лигада бақ сынап келеді. Қазірге дейін 10 турда 28 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Елімай» тоғызыншы ойын қатарынан жеңіске жетті.