Футбол: «Winter Cup» турнирінің қола жүлдегері анықталды, алда - ақтық сын

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан клубтары арасында өтіп жатқан «Winter Cup» турнирінде «Ақтөбе» қола жүлдегер атанды.

Футбол
Фото: pexels.com

3-орын үшін сайыста Семейдің «Елімай» командасы мен «Ақтөбе» сынға түсті.

Кездесу барысында семейлік клубтан Квентин Корнетт 43, Дэвид Майком 60, ақтөбелік ұжымнан Элеке Чибуике Блессинг 18, Максим Самородов 85-минутта мергендік танытты.

Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальтиден «Ақтөбе» 3:2 есебімен басым түсті.

Енді бүгін, 21 ақпанда елорда уақытымен 20:00-де «Ордабасы» мен «Тобыл» бас жүлдені сарапқа салады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жаңа маусым алдындағы турнир барысында 100 миллион теңге сарапқа салынады. Доп додасының жеңімпазы 60 млн теңгеге ие болса, екінші орын алған клуб 40 млн теңгеге қол жеткізеді.

Еске салсақ, жартылай финалда «Тобылы» «Ақтөбені» 4:2, Шымкенттің «Ордабасы» клуб «Елімайды» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар