Футбол: Жастар құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқу-жаттығужиыны елордада өткізіледі. Оған барлығы 20 футболшы шақырылған. Жасөспірімдер құрамасы 14 және 16 ақпан күндері Ереванда 19 жасқа дейінгі Армения жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімі:
Қақпашылар:Данила Карпиков («Шахтер»), Әлішер Сүлейменов («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Дамирхан Жабаев («Шахтер»), Әмір Тілеубеков («Шахтер»), Данияр Орда («Ақтөбе»), Данил Блохин («Шахтер»), Даврон Закиров (№8 БЖОРСМ), Әлихан Өтешев («Жеңіс»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік академиясы»);
Жартылай қорғаушылар: Муроджон Халматов («Ордабасы»), Мұқағали Пангерей («Атырау»), Бауыржан Рахмет («Тараз»), Вячеслав Раскатов («Ақсу»), Нұржан Ерланұлы (№8 БЖОРСМ), Айбек Райзо (№8 БЖОРСМ), Супьян Масудов («Жас Қыран»), Вадим Яковлев (клубсыз);
Шабуылшылар: Абзал Қалау («Оңтүстік академиясы»), Олжас Әділ («Астана»), Диас Испанов («Астана»);
Жастар құрамасында бас бапкер Вахид Масудовқа Иван Азовский мен Юрий Ишутин көмекшілік жасайды.
Еске салсақ, Қазақстан ұлттық құрамасы 13 ақпанда жолдастық кездесу өткізеді.