Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының жеребесі 1 сәуірде тартылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді.

Еске салсақ, қазірге дейін оған 20 құрама жолдама алып үлгерген. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина, Уругвай, Эквадор, Солтүстік Америкадан – Канада, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы құрамалары шыққан болатын.

Әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде Катар астанасы – Доха қаласында өтеді.

Бұл уақытта 32 құраманың 29-ы анықталады. Одан кейінгі уақытта Оңтүстік Америка, Азия, Солтүстік Америка және мұхит аймағынан төрт құрама құрлықаралық өтпелі сайыста тағы екі жолдамаға таласады.

Ал Еуропа құрлығында әлем чемпинаты өтпелі сайысында бір ойынмен Шотландия мен Украина жеңімпазы анықталады. Бұл ойын шамамен маусым айына белгіленген. Жеңімпазы сол айда Уэльспен тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Салтанатты шара елорда уақытымен 22.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Канада футболшылары 36 жылдан кейін әлем чемпионатының финалына шықты.



Соңғы жаңалықтар