Футболдан 2023 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2023 жылғы Қазақстан кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кезеңде ойын көрсететін бірінші және екінші лига командалары рейтингтегі орнына байланысты төрт себетке бөлінді.

Жеребе қорытындысы бойынша келесі топтар құрылды:

«А» тобы: «Ақжайық» (Орал), «Алтай» (Өскемен), «Жас Қыран» (Алматы), «AKAS» (Алматы)

«В» тобы: «Тараз», «Жеңіс» (Астана), «Арыс» (Түркістан облысы), «Елімай» (Семей)

«С» тобы: «Қыран» (Шымкент), «Оңтүстік академиясы» (Шымкент), «SD Family» (Астана), «Ұлытау» (Жезқазған)

«D» тобы: «Тұран» (Түркістан), «Яссы» (Түркістан облысы), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы).

Алғашқы кезеңнің плей-офф сатысында А және С, D және «В тобының жеңімпаздары өзара екі жолдаманы сарапқа салады.

Плей-офф кезеңінің екі жеңімпазы жарыстың негізгі кезеңінде Премьер-лигада ойнайтын 14 команда қатарына қосылады.

Ал Қазақстан Кубогының негізгі кезеңінің жеребесінде төмендегі командалар өзара кездеседі.

«Астана» - «Қайсар» (Қызылорда)

«Каспий» (Ақтау) - D-В топтарының жеңімпаздары жұбында жеңген команда

«Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтаарал» (Түркістан облысы)

«Қызылжар» (Петропавл) – «Жетісу» (Талдықорған)

«Шахтер» (Қарағанды) - «Оқжетпес» (Көкшетау)

«Тобыл» (Қостанай) - «Ақсу» (Павлодар облысы)

«Ақтөбе» - «Атырау»

«Қайрат» - А-С топтарының жеңімпаздары жұбында жеңген команда Қазақстан кубогының 1/8 кезеңінен бастап қатысушылар өзара екі ойын өткізеді.

Жұптардағы алғашқы ойын рейтингте орны жоғары команданың алаңында өтеді.


Соңғы жаңалықтар