Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

футбол
Фото: pixabay.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Kazinform.

Былтыр С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді Ұлттар лигасы плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды. 

Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпаймен Финляндиямен бірге үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті. 
Финалдық сатының жеребесі бүгін, 2 желтоқсан күні тартылады. Құрамалар төрт себетке бөлінген. 

1 себет: Германия, Португалия, Франция, Испания, Бельгия, Англия

2 себет: Венгрия, Дания, Албания, Австрия, Турция, Румыния

3 себет: Шотландия, Словения, Словакия, Чехия, Нидерланд, Хорватия

4 себет: Сербия, Италия, Швейцария және Ұлттар лигасынан үш жеңімпаз

Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді. 

 

Соңғы жаңалықтар