Футболдан ӘЧ: 5 қыркүйекте қандай құрамалар ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Еуропа құрлығы бойынша бүгін, 5 қыркүйекте төрт топта кезекті тур ойындары өтеді.

В тобында Словения мен Швеция, Швейцария мен Косово, С тобында Дания мен Шотландия, Грекия мен Беларусь шеберлік байқасады.
Ал D тобында Исландия мен Әзербайжан, Украина мен Франция, I тобында Италия мен Эстония, Молдова мен Израиль, L тобында Фарер аралдары мен Хорватия, Черногория мен Чехия жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, 4 қыркүйекте бірқатар ойындардың нәтижесі белгілі болды.
Бельгия құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді ірі есеппен жеңді.
Бельгиялық футболшылар Қазақстан құрамасы ойнап жатқан J тобында сынға түсіп жатыр.
Кездесу барысында олар қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Нәтижесінде 7 ұпаймен өз тобында үшінші орынға көтерілді. Бұл топта Уэльс 10 ұпаймен бірінші, Солтүстік Македония 8 ұпаймен екінші орында тұр. Ал Қазақстан 3 ұпаймен төртінші орынға жайғасса, Лихтенштейннің әзірге қоржыны бос.
Айта кетсек, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльске 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Ал А тобында Германия сырт алаңда Словакияға 0:2 есебімен жол берсе, Солтүстік Ирландия Люксембургтен 3:1 есебімен басым түсті.
Е тобында Грузия құрамасы Түркияға 2:3, Болгария құрамасы Испанияға 0:3 есебімен жол берсе, G тобында Литва мен Мальта, Нидерланд пен Польша 1:1 есебімен тең ойнады.