Футболдан ӘЧ: А тобының саңлағы Нидерланд жанкүйер сенімін ақтай ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатар елінде 20 қарашада футболдан әлем чемпионаты жалауын көтереді. Дүбірлі додада 32 құрама бір айға жуық уақыт аралығында жүлделерді сарапқа салады. Құрамалар сегіз топқа бөлінген. Олардың әрбірінде құрамалар 1/8 финалға берілетін екі жолдамаға таласады. ҚазАқпарат тілшісі бүгіннен бастап әрбір топтағы құрамалардың жарысты жалғастыру жөніндегі мүмкіндігін сарапқа салып, футболшылары жөнінде ой қозғайды.

А тобы: Қатар, Эквадор, Сенегал, Нидерланд


Қатар

Бас бапкер – Феликс Санчес Бас

Қақпашылар: Юсеф Хассан («Аль-Гарафа»), Саад Аль-Шеб («Аль-Садд»), Мешааль Баршам («Аль-Садд»).

Қорғаушылар: Басим Аль-Рави («Аль-Духайль»), Ро-Ро («Аль-Садд»), Мосааб Ходер («Аль-Садд»), Тарек Сальман («Аль-Садд»), Буалем Хухи («Аль-Садд»), Абделькарим Хассан («Аль-Саад»), Хомам Ахмед («Аль-Гарафа»), Джассем Габер («Аль-Араби»), Салем Аль-Хаджри («Аль-Садд»).

Жартылай қорғаушылар: Али Ассадалла («Аль-Садд»), Мохаммед Абдулвахаб («Аль-Садд»), Ассим Мадибо («Аль-Духайль»), Мостафа Тарек («Аль-Садд»), Карим Будиаф («Аль-Духайль»), Абдулазиз Хатем («Аль-Райян»), Наиф Аль-Хадрами («Аль-Райян»), Акрам Афиф («Аль-Садд»), Халид Мунир («Аль-Вакра»).

Шабуылшылар: Исмаил Мохаммад («Аль-Духайль»), Хасан Аль-Хайдос («Аль-Садд»), Альмоэз Али («Аль-Духайль»), Мохаммед Мунтари («Аль-Духайль»), Ахмед Алаа («Аль-Гарафа»).

Әлемдік додада Қатар құрамасы тұсаукесер ойынын өткізеді. Дүбірлі додаға дайындықты аталған елдің футболшылары биылғы көктемнен бастап кетті. Сол кезден бері жолдастық кездесуде шеберлігін шыңдап келеді.

Дегенмен нәтиже көңіл толарлық емес. Қыркүйек айында олар Сербияның олимпиадалық құрамасынан жеңіліп қалды. Осының өзі қатарлық футболшылардың дайындық деңгейінен хабар беретіндей.

Аталған құрамаға 2017 жылдан бері испаниялық маман Феликс Санчес жетекшілік жасап отыр. Бұл бапкер өзінің елінде ешқандай кәсіпқой команданы жаттықтырып көрген жоқ. 1995-2006 жылдар аралығында «Барселона» командасында жасөспірімдерге тәлім берді. 2006 жылдан бері Қатарда түрлі жас деңгейіндегі құрамаларға басшылық жасады.


Эквадор

Бас бапкер – Густаво Альфаро

Қақпашылар: Александер Домингес («ЛДУ Кито»), Эрнан Галиндес («Универсидад Католика»), Мойсес Рамирес («Индепендьенте дель Валье»).

Қорғаушылар: Анхело Пресиадо («Генк», Бельгия), Вильям Пачо («Антверпен», Бельгия), Роберт Арболеда («Сан-Паулу», Бразилия), Джексон Поросо («Труа», Франция), Феликс Торрес («Сантос Лагуна», Мексика), Пьеро Инкапье («Байер», Германия), Хавьер Арреага («Сиэтл Саундерс», АҚШ), Первис Эступиньян («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Диего Паласиос («Лос-Анджелес», АҚШ).

Жартылай қорғаушылар: Карлос Груэсо («Аугсбург», Германия), Мойсес Кайседо («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Хосе Сифуэнтес («Лос-Анджелес», АҚШ), Джегсон Мендес («Лос-Анджелес», АҚШ), Алан Франко («Атланта Юнайтед», АҚШ), Гонсало Плата («Вальядолид», Испания), Анхель Мена («Леон», Мексика), Джереми Сармиенто («Брайтон энд Хоув Альбион», Англия), Айртон Пресьядо («Сантос Лагуна», Мексика), Ромарио Ибарра («Пачука», Мексика).

Шабуылшылар: Эннер Валенсия («Фенербахче», Түркия), Микаэль Эстрада («Крус Асуль», Мексика), Джоркаефф Реаско («Ньюэллс Олд Бойз», Аргентина), Кевин Родригес («Имбабура»).

Оңтүстік Америка құрлығынан келген Эквадор құрамасы іріктеу сатысында талайды таңғалдырды. Аталған жарыс сатысын сәтті өткізді. Олар Перу, Колумбия, Чили және Парагвайды артқа тастап кетті. Құрама сапында Эннер Валенсия және Первис Эступиньян секілді есімі елге белгілі ойыншылар бар, басқалары әлемде аса танымал емес.

Осыған қарамастан аргентиналық бапкер Густаво Альфаро әлемдік деңгейдегі жұлдыздары жоқ құраманы әлем чемпионатының финалдық сатысына алып шықты.

FIFA маусым айында Эквадор құрамасын жарыстан шеттете жаздады. Олардың құрамында Байрон Кастильо сынды футболшы жалған құжатпен ойын көрсетті деген айып тағылды.

Мамандар аталған құрама Сенегалмен бірге өз тобында екінші орынға таласуы мүмкін деген жорамал жасап отыр. Ал 1/8 финалға шығуының өзін ең жоғары жетістік ретінде бағалайды.


Сенегал

Бас бапкер – Алью Сиссе

Қақпашылар: Эдуар Менди («Челси», Англия), Сени Дьенг («Куинз Парк Рейнджерс», Англия), Альфред Гомис («Ренн», Франция).

Қорғаушылар: Юссуф Сабали («Бетис», Испания), Калиду Кулибали («Челси», Англия), Абду Диалло («Лейпциг», Германия), Папе Сиссе («Олимпиакос», Грекия), Формоз Менди («Амьен», Франция), Имаиль Якобс («Монако», Франция), Фоде Балло-Туре («Милан», Италия).

Жартылай қорғаушылар: Нампалис Менди («Лестер», Англия), Шейху Куяте («Ноттингем Форест», Англия), Пап Матар Сарр («Тоттенхэм», Англия), Идрисса Гуйе («Эвертон», Англия), Мустафа Наме («Пафос», Кипр), Мамаду Лум («Рединг», Англия), Папе Гуйе («Марсель», Франция), Пате Сисс («Вальядолид», Испания).

Шабуылшылар: Садио Мане («Бавария», Германия), Булайе Диа («Салернитана», Италия), Николас Джексон («Вильярреал», Испания), Крепин Диатта («Монако», Франция), Бамба Дьенг («Марсель», Франция), Илиман Ндиай («Шеффилд Юнайтед», Англия), Исмаила Сарр («Уотфорд», Англия), Фамара Дьедиу («Альянаспор», Түркия).

Соңғы ширек ғасырға жуық уақыттан бері Сенегал құрамасы Африка кубогында алдыңғы қатардан көрініп келеді. Олар Африка ұлттар кубогында жеңімпаз атанды.

Ұлттық құрама сапындағы басты жұлдыз Садио Мане - әлемдік деңгейде танылған саңлақтың бірі. Футболдағы үздік ойыншыларға берілетін ең танымал жүлде «Алтын доп» тізімінде биыл Мане екінші орын алды. Қыркүйек айынан бері «Бавария» сапында көп гол соқты. Ол неміс клубы сапындағы соңғы ойынның бірінде жарақат алып, Қатардағы доп додасына баруы екіталай болған еді. Десе де дәрігерлер оның жарақаты ауыр еместігін айтады. Сондай-ақ, Англияның «Челси» командасының қақпашысы Эдуар Менди жарақатынан айығып, ұлттық құрама сапына қосылды.

Болжам жасаушылар Сенегал өз тобынан шығу мүмкіндігі жоғары екенін айтады. Ал жарыстың қай сатысына дейін жету мүмкіндігі бар екенін әзірге ешкім жорамал жасай алмай отыр.


Нидерланд

Бас бапкер – Луи ван Гал

Қақпашылар: Юстин Бейло («Фейеноорд»), Андрис Нопперт («Херенвен»), Ремко Пасвеер («Аякс»).

Қорғаушылар: Натан Аке («Манчестер Сити», Англия), Джереми Фримпонг («Байер», Германия), Дэйли Блинд («Аякс»), Юрриен Тимбер («Аякс»), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль», Англия), Дензел Думфрис («Интер», Италия), Стефан де Врей («Интер», Италия), Маттейс де Лигт («Бавария», Германия), Тирелл Маласиа («Манчестер Юнайтед», Англия).

Жартылай қорғаушылар: Стевен Бергейс («Аякс»), Стевен Бергвейн («Аякс»), Дэви Классен («Аякс»), Кеннет Тайлор («Аякс«»), Коди Гакпо (ПСВ), Хави Симонс (ПСВ), Френки де Йонг («Барселона», Испания), Тен Копмейнерс («Аталанта», Италия), Мартен де Рон («Аталанта», Италия), Ноа Ланг («Брюгге», Бельгия).

Шабуылшылар: Мемфис Депай («Барселона», Испания), Винсент Янссен («Антверпен», Бельгия), Люк де Йонг (ПСВ), Ваут Вегорст («Бешикташ», Түркия).

Нидерланды құрамасы сегіз жылдық үзілістен кейін әлем чемпионатына қайта оралды. Мамандар оларды А тобының көшбасшысы болады деген жорамал айтып отыр. Дегенмен құрамада бірқатар проблемалар кездеседі. Мемфис Депай, Френки де Йонг, Виргил ван Дейк және өзге де жұлдыздар биылғы футбол маусымында сәтті ойын көрсетті деп ешкім айта алмайды. Аталған құрамада шабуылшы мен қақпашыға қатысты да проблема бар. Бұрынғыдай көп гол соға алатын шабуылшылар жоқтың қасы. Соңғы ойында ұлттық құрамада 39-жастағы Ремко Пасвер қақпашы міндетін атқарды.

Бас бапкер Луи ван Гал доп додасынан кейін өз орнын Рональд Куманға босатады. 2014 жылы әлем чемпионатында Луи ван Галдың басшылығымен Нидерланд құрамасы үшінші орын алды. Биылғы әлем чемпионатында олар өз тобында жоғары нәтиже көрсетуі ғажап емес. Жүлдегерлер қатарынан көрінуі де мүмкін деген болжам айтылуда.

А тобының ойын кестесі

20 қараша

Қатар - Эквадор

21 қараша

Сенегал - Нидерланд

25 қараша

Қатар - Сенегал

Нидерланд - Эквадор

29 қараша

Нидерланд - Қатар

Эквадор – Сенегал


Соңғы жаңалықтар