Футболдан ӘЧ: Бразилиялық Ришарлисонның Сербия қақпасына соққан голы үздік деп танылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатардағы әлем чемпионатында Бразилия және лондондық «Тоттенхэм» клубының шабуылшысы Ришарлисонның Сербия қақпасына соққан голы үздік деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додада топтық бәсекенің бірінші турында Ришарлисонның Сербия қақпасына шалқалай соққан голы дауыс беру нәтижесінде үздік деп танылған.

Бұл матчта Ришарлисон қос голдың авторы атанып, командасына жеңіс әперген еді.

Дауыс беруге сондай-ақ Салем Аль-Давсари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланд), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) және Ришарлисонның 1/8 финалда Оңтүстік Корея қақпасына соққан голы қатыстырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының ФИФА рейтингісіндегі орны анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Роналду «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасады.

Футболдан әлем чемпионатына қатысқан құрамалардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды.

Марокко құрамасының ойыншылары 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсамақшы.

Лионель Месси Францияның «ПСЖ» клубында қалатын болды.

Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»


Соңғы жаңалықтар