Футболдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен кейін Бельгиядан жеңіліп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі бесінші ойынында бірінші кезеңнен кейін Бельгиядан жеңіліп жатыр.

Алғашқы минуттан ел құрамасы сапында Мұхаммеджан Сейсен, Ян Вороговский, Ұлар Жақсыбаев, Әлібек Касым, Нұралы Әліп (К), Сұлтанбек Астанов, Рамазан Оразов, Серікжан Мужиков, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Оралхан Өміртаев жасыл алаңға шықты.
Ал Бельгия құрамасының бапкерлеріТибо Куртуа, Максим де Кейпер, Артюр Теате, Зено Дебаст, Тимоти Кастань, Юри Тилеманс, Николас Раскин, Кевин де Брeйне, Жереми Докю, Леандро Троссар, Шарль де Кетелареге сенім артты.
Алғашқы минуттан бельгиялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар Қазақстан құрамасы қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Олардың қарқынына қазақстандық қорғаушылар лайықты төтеп беріп жатты. Кейбір сәтте қақпашы Мұхаммеджан Сейсен әбжіл қимыл көрсетіп, гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.
Соған қарамастан Кевин де Брeйне 42, Жереми Докю 44-минутта гол соғып кетті.
Осылайша бірінші кезең 2:0 есебімен Бельгияның басымдығымена яқталды.
Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 4 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 10 ұпаймен бірінші орында тұрса, одан кейінгі орындардағы Солтүстік Македонияның 8, Бельгияның 7, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Лихтенштейннің қоржыны бос.