Футболдан Африка ұлттар кубогы: Кот-д’Ивуар алғашқы жеңісін тойлады
Футболдан Африка ұлттар кубогы А тобындағы Кот-д’Ивуар мен Гвинея-Бисау құрамалары кездесуімен ашылды, деп хабарлайды Kazinform.
Кездесу барысында Кот-д’Ивуар құрамасы шабуылда белсенді ойнады. Секо Фофана 4, Жан-Филипп Крассо 58 минутта мергендік танытты.Осылайша олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Енді аталған топта бүгін, 14 қаңтарда Нигерия мен Экваториалды Гвинея жасыл алаңға шығады.
В тобында Египет пен Мозамбик, Гана мен Кабо-Верде құрамалары шеберлік байқасады. Ойындар 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында Кот-д’Ивуардың Абиджан, Корото, Сан-Педро, Буаке, Ямусукро секілді 5 қаласында орналасқан 6 стадионда өтеді.
Еске салсақ, 12 қаңтарда Катарда футболдан Азия кубогы жалауын көтерді. Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары өтеді.