Футболдан әлем чемпионаты-2022: Бүгінгі ойында Қазақстан құрамында кімдер шығады

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қос құрама арасындағы кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары елорда уақытымен 00:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Ұлттық құраманың бапкері Талғат Байсуфинов алғашқы минуттан қақпашы: Игорь Шацкий, қорғаушылар - Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Роман Вороговский, жартылай қорғаушылар - Асхат Тағыберген, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев. шабуылшы Артур Шушеначевқа сенім артты.
Айта кетсек, бұған дейін екі құрама бірде-бір мәрте кездескен жоқ. Бүгін тұңғыш мәрте шеберлік байқасады.
Қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.
Сондай-ақ, бүгін аталған топта Франция мен Финляндия құрамалары ойнайды.
Бұл топта бес ойыннан кейін 8 ұпай жинаған Франция көш басында келеді. Қазақстан, Босния және Герцоговина құрамалары төрт ойыннан кейін 2 ұпаймен бесінші орында тұр.