Футболдан әлем чемпионаты-2022: Қазақстан Финляндияға қарсы құрамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 4 қыркүйекте футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында төртінші ойынында Қазақстан Финляндияға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұлттық құраманың бас бапкері алғашқы минуттан көптеген жаңа ойыншыларға сенім білдірді. Аталған тізімге қақпашы Игорь Шацкий, ойыншылар - Нұрәлі Әліп, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Мақсат Тайкенов, Рамазан Оразов, Еркін Тапалов, Роман Вороговский, Георгий Жуков, Абат Аймбетов, Айдос Тәттібаев іліккен.
Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.
Қазірге дейін ұлттық құрама үш ойын өткізді. Алғашқысында өз алаңында Франциядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін сырт алаңда Украинамен 1:1 есебімен тең түсті. Одан өз алаңында Украинамен 2:2 есебімен тең ойнады.
Қазақстан үш ойыннан кейін 2 ұпаймен бесінші орында тұр. Көш басында төрт ойыннан кейін 8 ұпай жинаған Франция келеді.