Футболдан әлем чемпионаты-2022: Криштиану Роналду дүбірлі додаға бесінші мәрте қатыспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия құрамасы және Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаты финалдық сатысына бесінші мәрте қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйгілі футболшы Португалия құрамасының 2022 жылғы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына баратын тізіміне енгізілді. Осылайша 37-жастағы ойыншының өз мансабында бесінші мәрте дүбірлі додаға қатысуына мүмкіндік туып отыр.
Айта кетсек, H тобында сынға түсетін Португалия 24 қарашада Гана, 28 қарашада Уругвай, 2 қарашада Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі.
Бұрынғы жылдарда мұндай мүмкіндікке мексикалық Антонио Карбахаль (1950-1966) мен Рафаэль Маркес (2002-2018), германиялық Лотар Матеус (1982-1998) ие болған еді. Ал итальяндық қақпашы Джаинлуиджи Буффон бес турниге қатысқанмен, оның төртеуінде ғана жасыл алаңға шықты.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан әлем чемпионатына қай команда көп ойыншы жібергені хабарланды.
Фото: sportsweek.org