Футболдан әлем чемпионаты: Еуропалық құрамалар өтпелі кезең ойындарын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Әлем чемпионатының іріктеу сатысында еуропалық құрамалар өтпелі кезең ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Онда барлығы 12 құрама бақ сынайды. Олардың 10-ы іріктеу кезеңінде өз тобында екінші орын алғандар болса, қалған 2-і Ұлттар лигасында үздік нәтижеге қол жеткізген құрамалар саналады.

Құрамалар барлығы үш топқа бөлінген. Әрбір топта жартылай финал және финалдық ойындар белгіленген. Жартылай финалда жеңімпаз атанғандар финалда дүбірлі додаға берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. Осылайша үш топтан жеңімпаздар Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

А тобында жартылай финалда Шотландия мен Украина, Уэльс пен Австрия кездесуі тиіс болатын. Украинадағы саяси жағдайға байланысты Шотландия мен Украина ойыны белгісіз мерзімге кейінге шегерілді.

Ал В тобында Ресей мен Польша, Швеция мен Чехия шеберлік байқасуы тиіс болатын. Украинадағы ахуалға байланысты Ресей аталған сайыстан шеттетілді. Польша бірден финалға жолдама алды.

С тобында Португалия мен Түркия, Италия мен Солтүстік Ирландия құрамалары ойнайды.

Финалдық ойындар 29 наурызға белгіленген.

Еске салсақ, бүгін футболдан Ұлттар лигасы шеңберіндегі өтпелі ойында Қазақстан мен Молдова кездеседі.


Соңғы жаңалықтар