Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы құрамын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өтетін бүгінгі ойынында Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговинаға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы минуттан Қазақстан құрамасы сапында қақпашы Стас Покатилов жасыл алаңға шықса, қорғаныста Дмитрий Шомко, Нұралы Әліп, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Марат Быстров болады.
Жартылай қорғаныс шебінде Исламбек Қуат, Ян Вороговский, Георгий Жуков, Бактиер Зайнутдинов бой көтерсе, шабуылды Алексей Щёткин нығайтады.
Ал Босния және Герцеговинада алғашқы сәттен Ибрахим Шехич, Элдар Чивич, Аднан Ковачевич, Анел Ахмедходжич , Амер Гояк, Амир Хаджиахметович, Гойко Цимирот, Сеад Колашинац, Мирослав Стеванович, Эдин Джеко, Смаил Превляк сынға түседі.
Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетейік, екі құрама арасындағы алғашқы кездесуде құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Бұл топта алты ойыннан кейін 12 ұпай жинаған Франция көш басында келеді.
Қазақстан - бес, Босния және Герцогвоина - төрт ойыннан кейін 3 ұпаймен төртінші және бесінші орында тұр.