Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында 2023 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

Қазақстандық құрама I тобына түсті. Қарсыластары - Франция, Уэльс, Словения, Грекия және Эстония.

Жарыс талабы бойынша тоғыз топтың жеңімпазы финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Қалған жолдамалар қосымша ойындар арқылы анықталады.

Іріктеу кезең ойындары 2021 және 2022 жылдың қыркүйек айларында өткізіледі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты финалдық кезеңі Аустралия мен Жаңа Зеландия мемлекеттерінде өткізіледі.