Футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың қай себетке түскені анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футбоддан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық турнирінің жеребе себеті белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 31 наурызда FIFA жариялаған рейтинг нәтижесі бойынша жасалды.

Дүбірлі додада бақ сынайтын құрамалар төрт себетке бөлінген. Әзірге оған қатысатын 29 құрама белгілі.

Қалғаны маусым айында анықталады.

Құрамалардың себетте орналасуы төмендегіше:

Бірінші себет: Катар (турнир қожайыны), Бразилия, Бельгия, Франция, Аргентина, Англия, Испания және Португалия.

Екінші себет: Мексика, Нидерланды, Дания, Германия, Уругвай, Швейцария, АҚШ және Хорватия.

Үшінші себет: Сенегал, Иран, Жапония, Марокко, Сербия, Польша, Оңтүстік Корея және Тунис.

Төртінші себет: Камерун, Канада, Эквадор, Сауд Аравиясы, Гана, сондай-ақ құрлықаралық өтпелі сайыс (Коста-Рика мен Жаңа Зеландия, Перу мен Австралия/БАӘ) және еуропалық іріктеу кезеңіндегі өтпелі сайыстағы жеңімпаз (Уэльс пен Шотландия/Украина).

Әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде Катар астанасы – Доха қаласында өтеді. Ол елорда уақытымен 22.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дүбірлі дода биылғы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.


Соңғы жаңалықтар