Футболдан «Аңыздар кубогында» қазақстандықтар үшінші орын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан еліміздің аңыздар құрамасы «Аңыздар кубогы» турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан «Аңыздар кубогында» қазақстандықтар үшінші орын алды

Ел құрамасы үшінші орын үшін сайыста әлемнің аңыздар құрамасын 10:7 есебімен тізе бүктірді. Аталған кездесуде Самат Смақов үздік ойыншы атағына ие болды.

Құрама сапында Давид Лория, Алмат Бекбаев, Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Қайрат Нұрдәулетов, Фархадбек Ирисметов, Эдуард Сергиенко, Сергей Скорых, Марат Хайруллин, Ұлықбек Асанбаев, Қайрат Әшірбеков ойын көрсетті.

Топтық кезеңде қазақстандықтар Ресейге 4:8 себемін жеңілсе, одан кейін Жұлдыздар құрамасымен 4:4 есебімен тең ойнады. Нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды.

Аталған турнирде бас жүлдеге Ресей құрамасы қол жеткізді. Екінші орын Түркияға бұйырды.

Айта кетсек, аталған турнир Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр.

Биылғы жарысқа Қазақстаннан өзге Ресей, Түркия, Жұлдыздар және Бразилия құрамаларының бұрынғы ойыншылары қатысты.

Аталған турнир 2009 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Содан бері Ресей құрамасы 14 мәрте чемпиондыққа қол жеткізді. Тек 2020 жылы Жұлдыздар құрамасы жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Фото: vk.com/kuboklegend