Футболдан Астанада өтетін «Аңыздар ойынына» кімдер келетіні белгілі болды

АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан футболы күніне орай 25 сәуірде Астанада өтетін Әлем және Қазақстан футболының аңыз ойыншылары кездесуіне кімдердің қатысатыны белгілі болды.

Футболдан Астанада өтетін «Аңыздар ойынына» кімдер келетіні белгілі болды
Фото: Сейіл Қожатай

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

Қазақстан аңыздары құрамында Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Сергей Скорых, Александр Кучма, Ренат Абдулин, Қайрат Әшірбеков, Вячеслав Богатырев, Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, Самат Смаков, Елдос Ахметов, блогер Артур Асқарұлы ойын көрсетеді.

Ал Әлем аңыздары сапында Витор Баия, Марко Матерацци, Хавьер Дзанетти, Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон, Джей-Джей Окоча, Димитар Бербатов, Сержиньо, Клод Макелеле, Халилу Фадига, Кларенс Зеедорф, Эстебан Камбьяссо, Гаиска Мендьета, Фернандо Морьентес.

Ойын 25 сәуірде елордадағы «Астана Арена» стадионында болады.

Айта кетерлігі, аталған футбол мерекесі Орталық Азияда өтетін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ.

«Аңыздар ойыны» Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар