22:53, 23 Маусым 2025 | GMT +5
Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» «Қайратты» ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының оныншы туры мәресіне жетті.

Бұл турда көшбасшы командалардың барлығы жеңіске жетті. Шымкенттің БИІК клубы өз алаңында елордалық «Жеңісті» 7:0, «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» 8:0, түркістандық «Томирис-Тұран» петропавлдық «Қызылжарды» 3:1 есебімен жеңді.
Оныншы турдың ойын нәтижесі:
- «Астана» - «Атырау» (Петропавл) 9:2
- «Елімай» (Семей) - «Жетісу» (Талдықорған) 3:0
- «Тобыл» (Қостанай) - «Оқжетпес» (Көкшетау) 3:0
- «Ұлытау» (Жезқазған) - «Қайсар» (Қызылорда) 2:0
- БИІК (Шымкент) - «Жеңіс» (Астана) 7:0
- «Ақтөбе» - «Қайрат» (Алматы) 8:0
- «Қызылжар» (Петропавл) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 3:1
Биыл Қазақстан футбол федерациясы талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.