Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының он бірінші туры мәресіне жетті.

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: БИІК қарсыласын ірі есеппен жеңді
Фото: Футболдан Қазақстан кәсіби лигасы

Турнир кестесінде көш басында келе жатқан БИІК бұл жолы да жеңісті жолын жалғастырды. Олар сырт алаңда «Атырау» командасымен кездескен еді. 

Бірінші кезеңде атыраулық клуб қақпасына жауапсыз сегіз гол соқса, екінші кезеңде оған тағы он бір гол қосты. Осылайша қарсыласын 19:0 есебімен жеңген ккоманда турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті.

Оныншы турдың нәтижесі

«Жеңіс» (Астана) — «Ұлытау» (Жезқазған) 1:0
«Жетісу» (Талдықорған) — «Оқжетпес» (Көкшетау) 0:0
«Тобыл» (Қостанай) — «Ақтөбе» 0:8
«Қайрат» (Алматы) — «Қызылжар» (Петроппавл) 2:0
«Атырау» — БИІК (Шымкент) 0:19
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — «Астана» 3:1
«Қайсар» (Қызылорда) — «Елімай» (Семей) 0:3.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар