Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші туры өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші туры басталады.

Биыл ел біріншілігіне 14 команда қатысады. Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Алғашқы турдан кейін шымкенттік БИИК көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Атырау», «Ақтөбе», «Тобыл», «Қайрат», «Қайсар» келеді.
Екінші турдың ойын кестесі:
«Қызылжар» (Петропавл) — «Ұлытау» (Жезқазған)
«Қайрат» (Алматы) — «Елімай» (Семей)
«Жеңіс» (Астана) — «Жетісу» (Талдықорған)
«Атырау» — «Тобыл» (Қостанай)
«Тұран-Томирис» (Түркістан) — «Оқжетпес» (Қызылорда)
«Ақтөбе» — «Қайсар» (Қызылорда)
«Астана» — БИИК (Шымкент)
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.